Сұрақтарға соңғы жауаптар

Жалпы мәліметтер

«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалы өз тарихын 1998 жылдан бастайды.
Республикалық мемлекеттік ведомстводан тыс жобаларды сараптау жүйесі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 26 тамыздағы қаулысымен
құрылды.
1996 жылдың 24 қаңтарында Құрмин жанындағы жобаларды мемлекеттік сараптау Департаментін қысқарту базасында облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында «»Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны құрылды. Құрылған кәсіпорын бұрын қабылданған нормативтік актілерді кәсіпорында таратумен қысқарталған мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау департаментінің құқық иеленушісі болып танылды. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік сараптаманы «Солтүстікмемсараптама» Еншілес мемлекеттік кәсіпорыны жүргізді.
2012 жылғы 8 мамырдағы №591 қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» («Мемсараптама» РМК) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан аумақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорыны («Солтүстікмемсараптама» ЕМК) «Мемсараптама» РМК-на қосылу арқылы қайта ұйымдасу рәсімінен өтті.
«Мемсараптама» РМК-ның 2012 жылғы 05 шілдедегі №127 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» («Мемсараптама» РМК) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы құрылды.
Сараптау жұмысы сарапшылар толымдылығының жоғары деңгейін талап етеді. «Мемсараптама» РМК филиалының қызметкерлері көп жылдар бойы істеген жобалау институттарынан келді, яғни, бұл жұмыспен олар бұрыннан бері таныс екендігі анық. Су шаруашылығы объектілері бойынша 30 жылдан астам еңбек еткен В.М. Лиходумов біздің кәсіпорында 10 жыл, С.А. Юрьев 6 жыл қызмет етуде. Мұндай адамдардың тәжірибесі біздер үшін өте қымбат. «Севгражданпроект» институтында көп жылдар бойы жұмыс істеген жобалардың сәулет-құрылыс және құрылымдау бөлімдері бойынша бас сарапшы В.А. Черепанов пен сектор жетекшісі Л.М. Пирожникова ерекше құрметке ие. Жобалардың инженерлік әзірлігін сарапшы-жылу технигі В.С. Букалова жүзеге асырады, бұл сарапшының да «Целингипросельхоз» жобалау институтында көп жұмыс өтілі бар.
Смета-экономикалық секторының жұмыскерлері, соның ішінде сектор жетекшісі М.В. Федченко мен бас маман А.Д. Шершнев кәсіпорында 10 жыл қатарынан тиімді қызмет етуде. Маман А.С. Жақыпова 11 жылдан артық жұмыс істейді, хатшы-референттен бастап, қазір сараптама құжатайналымы секторының жетекшісі болып, жоғары нәтижелерге жетті. Ұжым жаңа мамандармен толықтырылып отырады.